Ақтөбеде жас ана бауыры ауыратын жеті айлық сәбиіне донор іздейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жас ана бауыры ауыратын жеті айлық сәбиіне донор іздейді

Ақтөбеде жас ана бауыры ауыратын жеті айлық сәбиіне донор іздейді

Туа бітті дертке шалдыққан Ерсұлтан Русланға бауыр ауыстыру отасын жасау керек. Бірақ арада 7 ай өткенімен донор табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 31 Қазан 2017
  • 183
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында бірнеше ай бойы ем қабылдап жатқан Ерсұлтан Русланның анасы бүгін қазақстандықтардан көмек сұрады. Үш баласының кенжесі Ерсұлтан Руслан туа бітті дертке шалдығып, дәрігерлер «жедел бауыр ауыстыру отасын жасау керек» деп шешімге келді. Бірақ анасының, әкесінің бауыры балаға сәйкес келмеді. Ал туған-туыстары батыл қадамға барып, көмек көрсетуге құлықсыз.

«Баламның өміріне араша түсетін мейірімді адамдар табылар деп көмек сұрап отырмын. Мен әрбір күнімді қорқынышпен өткізіп жүрмін. Ешкімге кінә артпаймын, дәрігерлер де қолдан келер көмегін беріп, тегін дәрімен қамтамасыз етіп отыр. Өкініштісі менің, әкесінің бауыры балаға сай келмеді. Мәйіттік донорды күтеміз, бірақ оның қай уақытта болатынын білмейміз. Халықтан көмек сұраймын, бәлкім мейірімді адамдар бауырының бір бөлшегін берер деп ойлаймын», — деді жас ана Шынар Қоштанбекова.



 

Соңғы жаңалықтар