Ақтөбеде “Жаяу жүргінші” жедел-алдын алу іс-шарасының бір күнінде 7 мас жүргізуші анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде “Жаяу жүргінші” жедел-алдын алу іс-шарасының бір күнінде 7 мас жүргізуші анықталды

Ақтөбеде “Жаяу жүргінші” жедел-алдын алу іс-шарасының бір күнінде 7 мас жүргізуші анықталды

Ақтөбеде “Жаяу жүргінші” жедел-алдын алу іс-шарасының бір күнінде жеті мас жүргізуші анықталды.

  • 11 Наурыз 2021
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО фактілерінің жиілеуіне байланысты ағымдағы жылғы 10-14 наурыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Жаяу жүргіншінің назарына” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізудің бірінші күнінде полиция қызметкерлері 329 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығы ережелерін бұзғаны үшін тоғыз жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік құралдарын басқарудың жеті фактісі, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу ойынша үш факті, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермегені үшін 36-дан астам жүргізуші әкімшілік тәртіппен жазаланды, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 101 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері ЖКО-ның алдын алу бойынша буклеттер таратты.

Ағымдағы жылдың екі айында облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 25 ЖКО тіркелді, онда төрт адам қаза тауып, 22 адам түрлі дене жарақаттарын алды.


Жол қозғалысына қатысушылардың осы санатымен ЖКО-ға жол бермеу мақсатында жүргізушілерді алдын ала жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде көлік құралының жылдамдығын төмендетуге шақырамыз.

Жаяу жүргіншілерге қараңғыда көріну үшін киімдегі шағылысатын элементтерді немесе қалта шамын сатып алуға және пайдалануға кеңес береміз. Әсіресе, бұл балалар мен жасөспірімдерге қатысты. Жолдың жүру бөлігінен өтпес бұрын жаяу жүргіншілер тоқтап, қауіпсіздігіне көз жеткізуі керек екенін ұмытпаңыз. Жүріс бөлігін жаяу жүргіншілер өтпелері бойынша, ал олар болмаған кезде – тротуарлар немесе жол жиектері желісі бойынша қиылыстарда кесіп өту қажет.

 

Соңғы жаңалықтар