Ақтөбеде жоғалған сарбаз табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жоғалған сарбаз табылмай жатыр

Ақтөбеде жоғалған сарбаз табылмай жатыр

Ақтөбеде сарбаздың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Мұнда қалалық әскери комиссариаттың сержанты 10 күннен бері табылмай жатыр.

  • 24 Мамыр 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz


Алғашқыда іздеу жариялап қана қойған ішкі істер департаменті енді істі адам ұрлығы бабымен қозғады. Тәртіп сақшылары бірнеше болжам жасап отыр. Бірақ нақты неге байланысты екенін ашып айтпайды. Ал Арманның туыстары болса, қаланың түкпір-түкпірін тінтіп шығыпты. Ешқандай нәтиже жоқ. Тіпті, талай балгердің де табалдырығын тоздырған. Ағайын-туыс сержантты қызмет орнында белгісіз біреулердің ұрып соғып, қазір қамап ұстап отырғанына сенімді. Себебі, Арман Сұрағанов жоғалған күні есіктің жақтауынан қанның іздері мен кезекшінің бөлмесінен сынып қалған екі ұялы телефоны табылыпты.