Ақтөбеде жоғалған сержантты әлдекімдер жасырып ұстап отыруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жоғалған сержантты әлдекімдер жасырып ұстап отыруы мүмкін

Ақтөбеде жоғалған сержантты әлдекімдер жасырып ұстап отыруы мүмкін

Ақтөбеде ұшты-күйлі жоғалған сержантты басшылары жасырып ұстап отыр. Бүгін қорғаныс істері жөніндегі басқарманың алдына барған Арман Сұрағановтың туыстары осылай деп шу шығарды. Айтуларынша, әскери мекемедегілер хабарсыз кеткен қызметкерінің қайда жүргенін білетін көрінеді. 

  • 27 Мамыр 2014
  • 318
Фото - Caravan.kz

Осыдан екі апта бұрын қызмет орнынан жоғалып кеткен Арман Сұрағановтың туыстары Қорғаныс істері басқармасының жанынан 3 күннен бері кетпей торуылдап жүр. Сержантты тауып беруін басшыларынан талап етуде.  

 Несібелі Жұмағалиева, А.Сұрағановтың туысы:

— Біз 12 күннен бері бүкіл даланы, су жағасын кезіп болдық қой бүкіл ағайын –тума. Он-он екі машина болып шығып жүрміз.

Сенбі күніәскери нысанның түкпір-түкіпірін туыстары тінтіп шыққанымен, Арманға қатысты ешбір зат табылмаған. Олармен кездесуге келген қорғаныс істері жөніндегі басқарманың басшысы қызметкерінің саяжайда жүргенін айтып, сүйінші сұрапты.   

— Арман саяжайда жүр дейді. Біз жаңа барып келдік. Көрген кісілер бар Арманды. 

Алайда араға бір күн салмай жатып Қасым Сүндетов көрдім-білдім дегенінен айнып қалды. Тәртіп сақшыларынан естігенімді жеткіздім деп ант-су ішіп отыр.

Қасым Сүндетов, Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы:


-Полиция бөлімімен  қазір жұмыс істеп отырмыз. Олардың ақпараты бойынша Арманды көргендігі жөнінен бізге мәлімет айтты. Соны мен туыстарына жеткіздім.

Ал Арманның туған-туыстарының айтуынша, бұрын да осы әскери мекемеден адам жоғалыпты. Оған куә болғандар да бар.

Қарагөз Арғынова, А. Сұрағановтың зайыбы: 

-Оның алдында да әйел, ер адамадарды да қызметінен  босату үшін сондай 2-3 күн алып кетіп қорлайтын көрінеді. Аузыңды ашсаң отбасыңа тиісеміз деп қорқытатын көрінеді. Мынау сол Арман бірінші де емес, соңғы да емес екен.

-Қазір бұл іспен Ақтөбедегі полиция айналысып жатыр. Олар адам ұрлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тексерулерінің қалай жүргізіліп жатқандығын әзірге құпия сақтауда. Десе де көрдім-білдім деген 2-3 адамды тергепті.