Ақтөбеде жолаушы әйел құлаған аялдаманың астында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жолаушы әйел құлаған аялдаманың астында қалды

Ақтөбеде жолаушы әйел құлаған аялдаманың астында қалды

Ақтөбеде дауылдан аялдама құлап, автобус күтіп тұрған жолаушыларды басып қалды. Екі бала мен бір келіншек жеңіл жарақат алған.

  • 15 Тамыз 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz


Тағы бір әйелдің омыртқасы сынып, қазір ол ауруханада жатыр,деп хабарлады КТК арнасы. 

 Қираған аялдаманы комуналшылар алып кетіпті. Орнын жым-жылас жинап қойған. Әкімдіктегілер жол жиегінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, аялдаманың темір тіреулерін бос қойғанын мойындайды. Ал соның астында қалып жарақат алған Сәния Сафина енді екі ай бойы қозғалмай жатады. Омыртқасы екі жерден сыныпты. Одан бөлек басынан да жарақат алған. Келіншек сол кезде қасында болған баласының аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр. Енді ол жел тұрса қаңбақтай ұшатын аялдамаларды орнатқан шенеуніктерді сотқа беремін деп отыр. Сәния Сафина, Ақтөбе қаласының тұрғыны: Аялдаманың құлап бара жатқанын көріп қалдым. Кішкентай баламды сақтап қалайын деп ойлап үлгергем жоқ, есімнен танып қалдым. Жазасын алсын! Менің орнымда кішкентай бала болса ше?!

 

Соңғы жаңалықтар