Ақтөбеде зообақтағы жануарлар тегін таратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде зообақтағы жануарлар тегін таратылды

Ақтөбеде зообақтағы жануарлар тегін таратылды

Ақтөбедегі «Нұрдәулет» орталығының алдындағы зообақтың жануарларын қожайындары тегін таратып жіберді.

  • 15 Наурыз 2017
  • 655
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кәсіпкер Ербол Байжарқыновқа сілтеме жасап, Tilshi.kz хабарлайды .

Оның айтуынша, маралдар мен керікті, кірпілер мен қояндар, тағы басқа ондаған құс-жануарды ресейлік жеке кәсіпкерлерге тарту етілген.

Айта кетейік, таяуда Ақтөбедегі ірі сауда орталығы алдындағы зообақ жабылған еді. Маралдар мен Твига есімді керік бірнеше жылдан бері қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналған болатын.

«Нұрдәулет» сауда орталығының үстінен сотқа арыз түскен. Сөйтіп, жергілікті билік зообақты жауып, балалар алаңын бұзуға қол жеткізді.


Сонымен бірге, сауда орталығы ауласындағы Тәуелсіздік монументінің көшірмесі де жақын арада бұзылуы мүмкін. Сот шешіміне наразы болған кәсіпкер бүгінде Бас прокуратураға хат жолдады.

Соңғы жаңалықтар