Жарияланды: 30

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Денсаулық басқармасы жедел жәрдемнің кеш барғанын растады

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Денсаулық басқармасы жедел жәрдемнің кеш барғанын растады Сурет - voxpopuli.kz

Ақтөбеде оқушы қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің кеш барғанын мойындап, дәрігер мен фельдшерді жұмыстан шеттетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 7 жастағы Інжу Жакинаның өлімінен соң облыстық денсаулық сақтау басқармасында комиссия құрылды. Алдын ала белгілі болғаны, бала тілін жұтып қойып, ауа жетпеген соң көз жұмған. «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне тәуелсіз комиссия құруға ұсыныс берді. Бейнематериал әлеуметтік желі арқылы тарап кетіп, облыстық прокуратура жедел тексеруді тапсырды. Өкінішке қарай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушының өлімі туралы дер кезінде білмеді. Кеше арнайы комиссия құрылып, емхана дәрігерлері, жедел жәрдем бригадасы, мектеп медбикесімен кездесу өтіп, ата-анасымен сөйлестік. Бір күн ішінде екі жағдай анықталды. Жедел жәрдемнің кеш барғаны рас. Жедел жәрдем 49 минутта барды. Оның екі себебі бар. Біріншіден, ата-анасы тек қызуы жоғары деп хабарлаған. Қоңырауды қабылдап отырған диспетчер «өте жоғары температура» деп көрсетпеген соң бұл төртінші категориядағы шақыруға кірді. Екіншіден, мекенжайы дұрыс жазылмады. «Нұр Ақтөбенің» №4 мөлтек ауданы деп айтылды. Қайта хабарласып, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына барды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған комиссия жәдел жәрдем бригадасының кінәсін анықтап берді. Дәрігерлер деонтология заңдылығы, яғни, этиканы бұзып, шақырған адамдармен сөзге келіп қалғаны үшін жазаланды. Дәрігер мен фельдшер қазір уақытша жұмыстан шеттетілді. «Дәрігер барған кезде баланың қолы мұздап, көгере бастаған. Баланың басы солға қарап жатты. Анасы алғашқы көмек көрсетіп, аяқ-қолы құрысқанда тілін шығару үшін ағаш қасықты қолданған. Сұлық жатқан, ешқандай да белгі болмаған соң жасанды тыныс алу жұмыстары жүгізілмеді», - деді Светлана Есенаманов. Еске салсақ, Ақтөбеде оқушы жедел жәрдем бригадасы жетпей көз жұмды. Оқиға «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты арнайы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Іс құжаттарының бәрі прокуратураға, сотқа жолданады. Светлана Есенаманованың айтуынша, 7 жастағы қыздың денсаулығында қандай да бір кінәрат болмаған, мектепке бармас бұрын медициналық комиссиядан өткен.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть