Ақтөбеге барған Дін істері министрі шайтанға табынған сатанистер туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеге барған Дін істері министрі шайтанға табынған сатанистер туралы айтты

Ақтөбеге барған Дін істері министрі шайтанға табынған сатанистер туралы айтты

Дін істері министрі салафиттердің уақыт өте келе жоқ болатынына сенімді. Ақтөбелік студенттермен кездесуге келген Нұрлан Ермекбаев бұл ретте тіпті шайтанға табынған сатанистерді де мысал ретінде келтірді.

  • 21 Қазан 2016
  • 632
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. 

"Бұрын қайдағы бір сатанистер де болған. Түрлі сондай секталар көбейгеннен кейін өздерімен өзі жоғалып кетті. Сол сияқты қазіргі анау салафит болсын, басқа да теріс ағымдар солардың бәрі сәннен шығып қалады",- деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министр Нұрлан Ермекбаев ел ішінде ылаң салған әсіредіншілердің дәурені қашан бітетінін нақты айта алмады. Ең бастысы өзімен кездесуге келген ақтөбелік жастарға «оларға ермеңдер» деумен болды. Мұндай ескертуге бұл аймақтағы студенттердің құлағы әбден үйренген. Өйткені Астанадан министрі, прокуроры мен діндарлары бар 200 өкіл келгелі бері мұндай жиналыстар күнде өтіп жатыр. Дін істері министрі ғаламтор жоқ уақытты қызыға еске алатынын да айтты. Өйткені қазіргі ақпараттық заманда теріс үгіт-насихат жүргізетіндерге тосқауыл қою мүмкін еместігін мойындап отыр.

Соңғы жаңалықтар