Ақтөбелік БАҚ өкілдері «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының салынып жатқан учаскелерінде болып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік БАҚ өкілдері «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының салынып жатқан учаскелерінде болып қайтты

Ақтөбелік БАҚ өкілдері «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының салынып жатқан учаскелерінде болып қайтты

2011 жылғы 11 шілдеде Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде өңірлік масс-медиа үшін баспасөз шеруін жүргізді.

  • 13 Шiлде 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

Баспасөз шеру барысында БАҚ өкілдері Ақтөбе — Мартүк — Ресей Федерациясы шекарасы (Орынборға қарай) учаскесіндегі құрылыс жұмыстарымен танысты.

Ақтөбе облысының аумағы бойынша «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасы шеңберінде 355 км жол қайта салуды қажет етеді.

Қазіргі таңда «Gengiz Insaat Sanayii ve Ticaret A.S.» (Түркия) компаниясы ұзақтығы 102 км құрайтын Ақтөбе — Мартүк — Ресей Федерациясы шекарасы (Орынборға қарай) учаскесінде құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Учаскені қайта салу Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕБРР) займ қаражатына жүзеге асырылуда.

Жоба бойынша учаскені І және ІІ техникалық категорияға, оның ішінде, ұзақтығы 9,5 км құрайтын Ақтөбе қаласының кіре берісі учаскесін төрт жолақты қозғалыс жолына ауыстыру қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарына шамамен 835 адам, оның ішінде, 785 жергілікті қызметкер тартылған. 220 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Құрылыс жұмыстары басталғаннан бері 690,4 тыс. м3 (46,7%) жер жамылғысы төселіп, 7,52 км (12,5 %) төсегіш қабаты жасалды. 153,6 тыс.м3 шағыл тас, 186,2 тыс.м3 құм қиыршық қоспасы, 1,9 тыс. м3 темір-бетондық бұйымдар жасалды.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін облыс бойынша 60 км жолды салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, ұзақтығы 215 км құрайтын Қарабұтақ — Ырғыз — Қызылорда облысы шекарасы учаскесінде республикалық бюджет есебінен қайта салу жүргізілді. «Иврус» ЖШС және «Дена Рахсаз Қазақстан» ЖШС компаниялары жұмыстарды 2007 жылдан бері атқарып келді. Ағымдағы айда осы учаскені пайдалануға беру жоспарланған.

Ұзақтығы 39,4 км құрайтын Ақтөбе қаласы солтүстік айналма жол учаскесін республикалық бюджеттен жүзеге асыру жоспарға қойылған. Жұмыстарды 2012-2014 жылдары атқару жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар