Ақтөбелік жанкүйерлер стадион директорының қызметтен кетуін талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік жанкүйерлер стадион директорының қызметтен кетуін талап етті

Ақтөбелік жанкүйерлер стадион директорының қызметтен кетуін талап етті

Ақтөбелік жанкүйерлер Қобыланды батыр атындағы стадион басшысының қызметінен кетуін талап етті. Чемпиондар лигасы аясындағы жергілікті команданың ойынына билет бітіп қалғанын олар Қажымұқан Демеуевтен көріп отыр.

  • 30 Шiлде 2014
  • 170
Фото - Caravan.kz


-Демеуов отставкаға кетсін… Кетсін!!!

Жанкүйлер стадион директорына қатты өкпелі. Тәртіп сақшылары қоршап алмағанда, кабинетіне  баса көктеп кіруге де шақ қалды. Себебі, «Ақтөбе» мен Румыниялық «Стяуа» командасының арасындағы ертеңгі ойынға жарты күн өтпей жатып билет бітіп қалған. Оны алыпсатарлардың қолында кетті деген жұрт мұндай жағдайдың жыл сайын қайталанатынына қапалы. Билеттерді бір жерден емес, қаланың әр бұрышынан арнайы қондырғымен сатуды бұрын да ұсыныпты. Бірақ Қажымұқан Демеуовтің жанкүйерлермен санасатын түрі жоқ.