Кәуап пісіретін жігіт негізі инспектордың міндетін бір адамдай атқарған. Әйтсе де оған жол сақшылары қызметтеріне араласқаны үшін он мың теңгедей айыппұл салыпты. Ал Алматыда керісінше, кептелісті реттеген қызға полицейлер алғыс білдірген. Мұны естіген ақтөбелік Рүстем де енді тәртіп сақшылары айыппұлды алып тастар деп үміттенеді.
Рүстем Алтынбеков, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Айыппұл салғандарға өкпем жоқ. Олар өз қызметтерін атқарды. Алматыдағы жағдаймен салыстырғанда енді бұл қалай болды деген ой туады. Егер айыппұлды өзгертсе оған қарсы емеспін.