Ақтөбелік жігіт көлік кептелісін реттегені үшін айыппұл төлейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік жігіт көлік кептелісін реттегені үшін айыппұл төлейтін болды

Ақтөбелік жігіт көлік кептелісін реттегені үшін айыппұл төлейтін болды

Ақтөбеде көлік кептелісін реттеген жігіттің өзі айыппұл арқалады. Екі көшенің қиылысында бағдаршам істемей қалғанын көрген Рүстем Алтынбеков жүргізушілерге өзінше көмек көрсетпек болған екен.

  • 14 Қараша 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz

Кәуап пісіретін жігіт негізі инспектордың міндетін бір адамдай атқарған. Әйтсе де оған жол сақшылары қызметтеріне араласқаны үшін он мың теңгедей айыппұл салыпты. Ал Алматыда керісінше, кептелісті реттеген қызға полицейлер алғыс білдірген. Мұны естіген ақтөбелік Рүстем де енді тәртіп сақшылары айыппұлды алып тастар деп үміттенеді.

Рүстем Алтынбеков, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Айыппұл салғандарға өкпем жоқ. Олар өз қызметтерін атқарды. Алматыдағы жағдаймен салыстырғанда енді бұл қалай болды деген ой туады. Егер айыппұлды өзгертсе оған қарсы емеспін. 

Соңғы жаңалықтар