Жарияланды: 330

Ақтөбеліктер кітап дүкендеріне сатып алған оқулықтарын қайта өткізе алмай жүр

Ақтөбеліктер кітап дүкендерінен сатып алған оқулықтарын кері өткізе алмай жүр. Себебі, биыл бірқатар сыныптарға кітап тегін таратылатын болған. Мұны кеш естіген жұрт енді сауда орындарының табалдырығын тоздыруда.

Ата-аналардың көбісі билік биыл жомарттық танытады деп күтпеген. Сондықтан балаларына оқулықты ертерек сатып алыпты. Себебі, жыл сайын ақшаға да табылмай қалатын. Ал биыл 4,5,6 және 11 сынып оқушыларына кітапты мектеп өзі үлестіруде. Енді оларға қажет болмай қалған оқу құралын  дүкендер кері алмай жатыр. Ондағылар тамыздың жиырма бесіне дейін ғана қабылдаған едік, енді алмаймыз деп бет бақтырар емес.

Назгүл Иманова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Қабылдамай тұр. Төртінші кластың кітаптарын, қызыма алдында алып қойып едім. Жылда кітап берілмейді. Менің төрт балам бар. Барлығына алдым. Кеше ғана айтылған зат қой. Өздері заң шығарып алып, енді қабылдамаймыз деп тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін