Ақтөбеліктер коммуналдық мәселемен шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеліктер коммуналдық мәселемен шағымданды

Ақтөбеліктер коммуналдық мәселемен шағымданды

Ақтөбе қаласында газ қысымы төмендеп, тұрғын үйлерге жылу беруде проблема туындады. Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылып, тексеру басталды.

  • 11 Желтоқсан 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе қаласы маңындағы саяжай ұжымдарында газ қысымына қатысты мәселе туындады. Қазіргі кезде тұрғындар шағым жазып, көмек сұрап жатыр. Бүгін қала әкімдігі, облыстық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, газ саласына жауапты мамандар бірігіп, үй-үйді аралап жүр. Онда бірнеше үйдегі газ қысымының қыс айларында төмендеп кететіні анықталды.

«Газды жаққанымызбен, қысымы төмен. Аязды күндері осындай күйге түсеміз. Былтыр да аязды күні нашарлап кетті. Шай қайнату, тамақ пісіру қиын. Батарея жылуы әлсіз», — деді тұрғын Сымбат Берғазина.

Қазіргі кезде бұл үйлерде газ қысымы 80 градусты көрсетіп тұр. Талап бойынша 140 градус болуы тиіс.

«Екі мекенжай бойынша тексеру жұмысы жүргізілді. Шағымдардың барлығын қабылдап, мән-жайды анықтап жатырмыз. Көбі газ қысымы нашар екенін айтуда. Кейбірінде түйіткіл басқада болып отыр. Негізі газ жанып тұр. Ал терезелері, үй қабырғалары дұрыс қапталмаған. Кейбірінде шынымен де, қысым төмен. Сондықтан әр арыз, өтініш жеке қаралады», — деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы апаттық диспетчерлік қызмет басшысы Жомарт Бітірбаев.

Айта кетейік, тұрғындардың көбі саяжайдағы үйіне газды жеке компаниялардың көмегімен тартып, қосып алған. Кейбірі қазір иелерін таба алмай жүр.


«Ақтөберентген» саяжай ұжымында тұрғаныма 10 жыл болды. Соңғы жылдары қыста газ қысымы төмендеп кетіп жүр. Былтыр облыстық газ мекемесіне бардық. Олар ештеңе қолдан келмейтінін, жеке компания жауапты екенін айтты. Тамақ пісіп болмайды, шай қайнату да қиын», — деді қала тұрғыны Алғабек Берғазин.

«ҚазТрансГазАймақ» компаниясының өкілдері қазіргі кезде тексеру жұмысын жалғастырып жатыр.

«Жеке кәсіпкерлер құбыр тарту жұмыстарын жүргізген. Енді біз оны таппай жатырмыз. Сондықтан компания кейбір жерде қайта монтаждау жұмысын жүргізіп, ретке келтіруді қолға алды. Мәселен бір адам үйіне газ тартады, одан тағы біреуі өзіне жалғап, қосады. Ал құбыр диаметрі бірнеше үйді қатар қамтуға жетпейді. Демек, диаметрі кішкентай. Қалада 300-ге жуық саяжай ұжымы бар. Оның 50-інде осындай мәселе туындаған», — деді «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ АОФ техникалық инспекция басшысы Ернар Муканов.

Соңғы жаңалықтар