«Ақылды» білезік тоқ соғу арқылы жаман әдеттерден арылтады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақылды» білезік тоқ соғу арқылы жаман әдеттерден арылтады

«Ақылды» білезік тоқ соғу арқылы жаман әдеттерден арылтады

Стэнфорд университетінін түлегі Маниш Сети жағымсыз әдеттерден арылтатын Pavlok деген атаумен «ақылды» білезік өндірісін бастамақшы. Оның айтуынша, мысалы6 білезіктің иесі таңертең белгіленген уақытта оянбаса немесе спортзалдағы жаттығуына бармай қалса, гаджет иесін қуаты әлсіз электр тоғымен соғады.

  • 8 Шiлде 2014
  • 498
Фото - Caravan.kz


Сети алдымен оны өзі қолданып көрген екен. Сөйтіп ақырында Pavlok оған ерте тұруды үйреткен. Қолданушының достары да арнайы қосымша немесе Facebook арқылы белгіленген тапсырмалардың орындалуын қадағалауға мүмкіншілігі бар екен. Мысалы қолданушы жоспарланған 10 мың қадамды орындамаса6 оның достары пернені басу арқылы тоқ соқтыра алады.

Құрылғыны жасауға қажетті қаражатты жинау бойынша краудфандингтік кампания осы күзде басталады. Егер ол сәтті өтсе, алдағы жылдың басында Pavlok-ты нарықтап көріп қалуымыз ғажап емес. Жаңа құрылғы 250 доллардың маңайында болады деп күтілуде.