Жақында ғана еш жерде тіркелмеген Мұсылмандар Одағының төрағасы Мұрат Телібеков Қазақстанды «Данышпан Ел» деп атауды ұсынып, жұртты тағы да шулатты. Жалпы оқыс мәлімдемелерімен аты шыққан Телібековтың соңғы жылдары айтқан оспадарсыз ұсыныстары жетерлік. Caravan.kz тілшісі Мұрат Телібековтың елдің кейде ашу ызасын тудырған, кейде күлкісін келтірген соңғы жылдары айтқан сөздері мен ұсыныстарының бірқатарын жинақтап көрді.
1. Гитлер мен Шыңғысханға қатысты Қазақстанда сот өткізуді ұсынды. 2013 жылы ақпан айында Мұсылмандар Одағының төрағасы Мұрат Телібеков барлық кезеңдерде үлкен халықтар зардап шеккен қылмыскерлерге қатысты үлкен сот ұйымдастыруды ұсынды. Ол ауқымы жағынан Нюрнберг процесі мен Гаага трибуналынан да асып түсуі тиіс деді. Сотталуы тиіс тұлғалар ішінде Иван Грозный, Александр Македонский, Августо Пиночет, Мао Цзедун, Виктор Храпунов, Михаил Горбачев және тағы басқалар бар.
2. Жыныстық қатынас үшін де салық төле! Телібеков 2015 жылы қыркүйек айында осындай өрескел ұсыныс тастады. Ол тіпті экономистер және салықшылармен ақылдасып, жыныстық қатынас құнын белгілеп қойған. Мәселен, заңды некедегі адамдар бір рет төсектес болғаны үшін 584 теңге, азаматтық некедегілер 748 теңге, некесіз болғандардың құны 1893 теңгені құрайды. Телібеков зейнеткерлер мен мүгедектерді аталған салықтан босатса, қазақ тілін меңгерген адамдарға 50 пайыздық жеңілдік жасауды ұсынған.
Ал кімнің қанша мәрте жыныстық қатынасқа түскенін білу үшін арнайы полиция құруды ұсынады.
3. Мұсылмандар Одағы кәрі президенттерді жазалауды ұсынды. 2013 жылы мамыр айында осындай оймен Телібеков тағы да шықты. Бірақ оның бұл талабы Қазақстанның президентіне жүрмейді екен. Телібеков біздің елдің мемлекет басшысының қызметін 80 жасқа шектеуді де айтып қалды.
4. Аспандағы айға пантеон салу керек. Мұрат Телібеков 2014 жылы қазан айында осындай ұсыныс айтты. Оның пайымдауынша болашақта бұл жағдай Айды Ақмола облысының аумағына қосып алуға түрткі болады екен.
Оған мұндай ой Үкмет басшысы Кәрім Мәсімовтың Ақмола облысы аумағынан ұлттық пантеон салуға жер қарастыруды тапсырған кезде пайда болыпты. Айда пантеонның болуы елдің беделін әлем алдында арттырады екен. Сондай-ақ оның пайымдауынша ұлы адамдардың денесі таза жерде жерленуі тиіс көрінеді.
5. Орталық сайлау комиссиясында жанжал шығарды. 2015 жылы 16 наурызда президенттік додаға өзін-өзі ұсынған Мұрат Телібеков мемлекеттік тілден емтихан тапсыру кезінде Орталық сайлау комиссиясында дау шығарды.
Телібеков билет суырудан бас тартты, ал ауызша әңгімені өзі таңдаған тақырып бойынша айтуды талап етті. "Менің талабым — журналистер емтиханды басынан-аяқ түсіруі керек. Алдыңғы сайлауда Ғани Қасымовты қалай өткіздіңіздер? Мен комиссияға сенбеймін", — деп мәлімдеді Телібеков.
6. Ахметжан Есімовті Нобель сыйлығына ұсынамын. Телібеков 2013 жылы Алматы қаласының бұрынғы әкімін Нобель сыйлығына ұсынуға уәде берді. Сондай-ақ әкімге өміріне қауіп төнген жағдайда кәсіби оққағарлардан жеке арнайы күзетшілер ұстауға кеңес берді.
7. Елімізге компьютерлі әкімдер жүйесін енгізу керек. Мұрат Телібеков мұндай жүйені 2015 жылы мамыр айында ұсынды. Аталған жағдай елімізде жемқорлықты жойып, әкімдердің жұмысын едәуір жақсартуы тиіс.
8. Ұлы халықтар қазақтардың үстінде жыныстық қатынасқа түседі. 2015 жылы ақпанның 22 күні айтқан Телібековтың дәл осындай сөздері үшін желтоқсаншылары билік өкілдеріне наразылық білдіріп, ашық хат жолдады. Ал Телібеков айтқан сөздердің орысша мәтіні мынадай:
«Казахская нация всегда будет чужой подстилкой, гигиеническим тампоном в чужом влагалище, геморройдальной свечой, которую будут вводить в задний проход какой-нибудь великой державы. Казахская нация, в лучшем случае, станет чужим презервативом. Через нее будут сношаться великие нации (русская с китайской, турецкая с узбекской). На этом поприще казахская нация будет изощряться! Презервативы ведь бывают разные; ребристые, игольчатые, с усиками и бакенбардами».
9. Белгісіз кітап үшін соттасты. 2015 жылы тамыз айында Гүлбахрам Жүніс Мұрат Телібековке қатысты арыз берді. «Желтоқсан-86» қозғалысы жетекшісі Гүлбахрам Жүністің айтуынша,Телібековтің мақалалары мен оның «Көшеден соққан жел» («Ветер с улицы») кітабындағы қазақ халқы мен оның дінін қорлайтын сөздер белсенділердің ашуына тиген.
Кітапта Телібеков қазақта тіл де, дін де, ұлт да болмаған, болашағымыз жоқ
10. Мұрат Телебеков «Нұр» ислам университетінің проректорын сотқа сүйреді. 2016 жылы наурыздың 31-і күні атышулы Мұрат Телебеков «Нұр» ислам университетінің проректоры Шәмшәдин Керім мен журналист Шынар Сағындықты жала жапты деп сотқа берді. Телібековтің арыз беруіне бес жыл бұрын Алматы арнасында жарияланған бейне сюжет себеп болған.
11. Мұрат Телібеков Сейітқазы Матаевтың есімін өзгертуді ұсынды. 2013 жылы 3-мамырда Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібеков, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевқа Алматының ескі атауын қайтарамын деп бос әуре болғанша алдымен өз есімін өзгертуді ұсынды. Ол тіпті Сейтқазы Матаевтың жаңа есімінің Нұр-Сейіт Матай-әл-Өс Алтай ибн President of Press-Club ибн Ел Tiлшiлер Басы деген нұсқасын айтқан.
12.Элиталы қыздар тендер арқылы күйеуге шықсын. 2013 жылы 18-наурызда бай бағландар мен шенеуніктердің тұрмыс құрғысы келетін қыздары үшін тендер ұйымдастыруды ұсынды. Себебі бай байға құя бергенше қарапайым жігіттерге де мүмкіндік болсын деді. Әйтпесе жаппай наразылық орнап, шеруге ұласып кетуі ықтимал деген еді.
13. Мұрат Телібеков Алматы әкімдігінің тікұшағын жеке өзіне сатып алуды ұйғарды. Биыл мамыр айында БАҚ-та дәл осындай ақпарат тарады. Ал тікұшақтың құны 140 миллион теңге тұрады.
14. Қазақстан атауы «Данышпан ел» болсын. Ал осыдан бірнеше күн бұрын Мұрат Телібеков елдің атын "Данышпан ел" деп өзгертейік деді. Еліміздің мұсылман одағы мен азаматтар құқығы бойынша Орталық Азияның Мұсылман комиттеті үкіметке Қазақстан атауының өзгеруі жөнінде ұсыныс жіберді дейді Телібеков өз мәлімдемесінде. Сондай-ақ «Данышпан Ел», «Ұлы Ел, «Ақылды Ел», «Бай Ел» , «Керемет Ел», «Батыр Ел» деген ұсқалары тағы бар.