Ақылы жолмен Астанадан Алматыға 11 сағатта жетуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақылы жолмен Астанадан Алматыға 11 сағатта жетуге болады

Ақылы жолмен Астанадан Алматыға 11 сағатта жетуге болады

Бұл туралы журналистерге берген жауабында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төраға орынбасары Сәтжан Аблалиев айтты.

  • 30 Маусым 2016
  • 442
Фото - Caravan.kz

«Астана – Алматы арасындағы автомобиль жолы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынып жатыр. Аталған автомобиль жолы «Орталық-Оңтүстік» дәлізіне кіреді. Жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда Астана – Теміртау және Алматы – Қапшағай түйінді учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда. Соңғы учаске А-1 технологиялық категориясы бойынша салынуда. Біздің есебіміз бойынша жылдамдық сағатына 150 шақырымға дейін болады. Ал ҚР Заңы бойынша қауіпсіздік ережелеріне сәйкес рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырым. Қалған жол Б-1 технологиялық категориясына сәйкес төрт жолақты болады. Жылдамдық сағатына – 120 шақырым, рұқсат етілгені – 110. Сондықтан екі қаланың арасындағы 1200 шақырым жолды ешқайда тоқтамай 11 сағатта жүріп өтуге болады», –дейді С. Аблалиев.

Елiмiздегi республикалық автожолдардың 30%-ы ақылы болады


2023-2024 жылға дейiн елiмiзде 7 мың км автожолда ақылы жүйе енгiзiлмек. Бұл — республикалық автожол желiсiнiң 25-30 пайызы. Бұл туралы халыққа есеп беру жиынында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек айтты. 

«7 мың км автожолда ақылы жүйе енгiзiледi. Бұл жалпы республикалық автожол желiсiнiң 25-30 пайызын құрайды. Қаражат автожолдарды толықтай қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл өз кезегiнде республикалық бюджеттiң жүгiн жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi», — дейдi Ж.Қасымбек.

Бұл ретте, министрдің айтуынша, тек жүк көлiктерi үшiн ақылы жүйе енгiзiлетiн жол учаскелерi бар. Жалпы, бұл жұмыс 2023-2024 жылдарға дейiн iске асырылмақ. Астана-Атбасар-Жақсы, Шымкент-Қызылорда, Астана-Темiртау, Алматы-Қапшағай-Талдықорған, Алматы-Қорғас, Астана-Павлодар жолдары ақылы болады деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар