Ақын Ақұштап Бақтыгереева: "Мұхамеджан Тазабекке "әбден адасып болдың ғой!", – деп едім, миығынан күлді де қойды" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақын Ақұштап Бақтыгереева: "Мұхамеджан Тазабекке "әбден адасып болдың ғой!", – деп едім, миығынан күлді де қойды"

Ақын Ақұштап Бақтыгереева: "Мұхамеджан Тазабекке "әбден адасып болдың ғой!", – деп едім, миығынан күлді де қойды"

Ақын Ақұштап Бақтыгереева айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек, Бекболат Тілеухан және Айнұр Тұрсынбаева туралы өз ойын айтып оларды жазғырды.

  • 7 Ақпан 2023
  • 10394
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Nege.kz басылымына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тарихтың қай ғасырынан қара жамылған қазақ қызын көрдіңдер? Бес рет байға тиіп, алтыншы күйеуден бала туу деген ешқашан болған емес. Өте жиіркенішті нәрсе. Айдың-күннің аманында қазақ қызына талақ болатындай не күн туды? Бұл – ұлт басына төнген үлкен қауіп. Ертең солардың ішінен ақша үшін террорист шықпайтынына кепіл бар ма? Бұған қатаң заң керек. Обалы ел арасына іріткі салып, арандатып жүргендерге келеді. Пәлен қатын алып, өздері шетте жүр ғой. Бірде Мұхамеджан ТАЗАБЕКТІ көріп қалғанда: «Балам-ай, қайтсайшы, әбден адасып болдың ғой!», – деп едім, миығынан күлді де қойды. Мойындамаса да, кінәлі солар. Солар ақша үшін бәрін бұзып кетті", — деді ақын.

Сондай-ақ, ақын Ақұштап Бақтыгереева Түркияда дүркіретіп той өткізген Айнұр Тұрсынбаеваны да қатаң сынға алды.

"Бүгін жастарды интернет пен телефон, әлеуметтік желі тәрбиелеп жатыр. Оны шешесі де қарап үлгермейді. Ақпарат құралдары түрлі зомбылықты насихаттайды. Оған да заң тыйым салса деймін. Осының бәрі ұлтты аздырады.

Мысалы, әлгінде айтқан Жапония азып тұрған жоқ, АҚШ-тың өзі көп нәрсеге тыйым салады. Ал бізде заң жоқ. Телеарнадан тәрбиеге жат, пәтуасыз, көргенсіз хабарлар көрсетеді. Болмашы әншінің күйеуге тигені кімге керек? Бүтін ұлттың мазасын алатын шаруа емес қой. Мейлі тисін, ол оның жеке шаруасы. 
Айнұр ТҰРСЫНБАЕВАНЫҢ
 «Дикий Арманның» досына тиіп, Түркияда той өткізіп, бриллиант таратқаны қазақ ұлтының мақсаты ма? Айтпау керек, көрсетпеу керек, мән бермеу керек. Қазақ ұлты үлкен жолда кетіп бара жатқан көш емес пе? Оның арбасынан түсіп қалатын нәрсе көп.

Олар – туған жерін, намысты сатқандар, шетелдік азаматқа тиген қыздар, БЕКБОЛАТ пен МҰХАМЕДЖАНДАР, АЙНҰРЛАР, ақша қуғандар, тағысын тағы. Бұлардың қазақтың ұлы көшіне қажеті жоқ, тіпті кірістірмеу керек. Сондықтан қоғам, үкімет ұлттық рухты қайтсем көтеремін, қазақты қайтсем алыс ғасырға апарамын деген дүниені ойлау керек.

Қайта құру ақша дегенді алып келді. Бәрін бұзған – ақша. Ақша жүрген жерде ар мен абырой сөйлемейді. Бірақ ақшадан да қымбат нәрселер бар", — деді ақын.

Соңғы жаңалықтар