Ақышев: Ұлттық банктің валюталық нарыққа қатысуы азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақышев: Ұлттық банктің валюталық нарыққа қатысуы азайды

Ақышев: Ұлттық банктің валюталық нарыққа қатысуы азайды

ҚР  Ұлттық банкінің валюталық нарыққа қатысуы азайды. Бұл туралы РБК телеарнасына берген сұхбатында банк басшысы Данияр Ақышев хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2016
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Халықаралық валюта қорының ұстанымын білемін. Қазір олар Қазақстанда еркін айналым бар екенін мойындайды, бірақ Ұлттық банк нарыққа қатысып, әлі де ауытқуды реттеуде. Иә,  шынымен, мұндай бар, біз интервенция мөлшерін жариялаймыз, мұны 2016 жылғы қаңтардан бастап ай сайын жүзеге асыра бастадық», — деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, жарияланымда көрініп тұрғандай, Ұлттық банктің валюталық сауда-саттыққа қатысуы азайып келеді.

 «Егер нарыққа қатысуымыз үштен бір бөліктен асса, онда қалай болғанда да өзіміздің ыңғайымызға қарай бағамды өзгертеміз деуге болатын еді. Алайда жекелеген айлардағы біздің қатысуымыз екі пайыз, кейде — 10 пайыз ғана. Яғни бұл өте аз. Бұл   Ұлттық банктің қатысуы негізгі болған 2014-2015 жылдардағы девальвациялық болжамдар кезеңімен салыстырғанда, алға басқан үлкен қадам», — деді банкир.

Данияр Ақышев мұндай «шағын» нарықта ұсыныстар мен сұраныстар жоқ кезде бағам ауытқып отыратынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр