Әр балаға – 21 мың теңге: Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әр балаға – 21 мың теңге: Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды

Әр балаға – 21 мың теңге: Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды

Заң Қазақстандағы мұқтаж отбасыларды қолдаудың жаңа шараларын қарастырады.

  • 5 Сәуiр 2019
  • 83
Фото - Caravan.kz

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіретін заңға қол қойғанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұқтаж отбасыларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.  

Атап айтқанда, құжат атаулы әлеуметтік кө­мек көрсету критерийін ең тө­менгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардағы әрбір балаға 20789 теңге (55 доллар) мөлшерінде төлем жасауға шешім қабылданды, мүгедек балалары бар отбасылар үшін жәрдемақы көбейді.


Соңғы жаңалықтар