Жарияланды: 7600

"Араб жігіті қолын созды, мен қолымды бермедім. "Харам" дедім: Айгүл Орынбек қыздарға ескерту жасады

"Араб жігіті қолын созды, мен қолымды бермедім. "Харам" дедім: Айгүл Орынбек қыздарға ескерту жасады Сурет - facebook.com

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек қазақ қыздарына қарата "сыртқа шығып тәніңді сататын кезде, ұлтыңды да сатып, қорлап тұрғаныңды ұмытпа!", деп ескерту жасады. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желіге жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Қыздың ары, ұлттың ары екенін әрбір қазақ түсіну керек!

Жақында ғана Түркия елінде болып келдім. Суретке түсіретін жігіт Араб жігіті екен. Ал фото салон қожайыны түрік . Суретке түсіп жүріп, биіктен түсетін жер болды. Араб жігіті қолын созды, мен қолымды бермедім. "Почему не дала рука?"- деді. Мен "Харам"- деп арқарай суретке түсуді жалғастыра бердім.
Ертесіне фотосалонға барсам, түрік азаматы өте құрмет тұтатынын білдірді. "Қазақ қыздарының бәрі сіз сияқты болу керек:- деп!
Менің жаңағы суретші жігітке қолымды ұстатпағаным бүкіл персоналға жеткен! Кеткенімше өз тарапыма ешқандай қылтың сылтың іс әрекет көргенім жоқ!
"Менің шет елде не істеп жатқанымды кім біліп жатыр"- деп жүретін қыздар өте көп. Айналайын қыздар сыртқа шығып тәніңді сататын кезде ұлтыңды да сатып, қорлап тұрғаныңды ұмытпа!
Өзіңді өзгеге салар кезде, ұлтым "Өлік" деп айта салғандарың дұрыс қыздар!, деді Айгүл Орынбек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін