“Арабқұлдықтан”, яғни діннен бас тартайық онда”: Индира Расылхан өзін айыптағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Арабқұлдықтан”, яғни діннен бас тартайық онда”: Индира Расылхан өзін айыптағандарға жауап берді

“Арабқұлдықтан”, яғни діннен бас тартайық онда”: Индира Расылхан өзін айыптағандарға жауап берді

Жақында өнерден кетіп, психологиядан кеңес кеңес бергені үшін көпшіліктен кешірім сұраған Индира Расылхан жанайқайын жеткізді. 

  • 12 Қазан 2023
  • 603
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Күні кеше өнер мен сахнадан бір жола кеткенін мәлімдеген Индира Расылханды тыңдарманы қимай жүрген көрінеді. Экс-әншінің шығармашылықты тастағанын көпшілік қабылдай алмай жүр. Желі қолданушысының: “Арабияға, Сирияға неге көшіп кетпейсіңдер? Қандай керемет әнші едің, әттең” деген пікіріне Индира Расылхан: “Айтпайын деп едім, болмады… Менің жанайқайымды тыңдаңыздар. Осы уақытқа дейін шыдап келдім. “Арабқұл, Сирияға, Ауғанстанға көшіп кет” деп жазып жатырсыздар. Жарайды, мақұл, сіздер үшін арабқұл бола қояйын. Әлде Европаға еліктегеніміз дұрыс па? Сіздер айтып отырған “арабқұлдықтан”, яғни діннен бас тартайық онда”, – дейді Индира Расылхан.

Ол керісінше жастар арасында танымал транссексуалдармен күресуге шақырды.

“Болмаса дәстүр жайлы айтамыз ба? Неге осындайларды тоқтатуға әрекеттенбейміз? Онда Европаға еліктейік”, – дейді Индира Расылхан наразылығын жеткізіп.

Айта кетейік, бұған дейін Индира Расылхан өнерден бір түбегейлі кеткенін және оқыманға психологиядан кеңес беріп, сабақ өткізгені үшін кешірім сұраған болатын. 

Соңғы жаңалықтар