Жарияланды: 840

"Арабтарды таң қалдырдым": Жанар Айжанова қазақы киіміне қажылықта барлығы тамсанғанын айтты

"Арабтарды таң қалдырдым": Жанар Айжанова қазақы киіміне қажылықта барлығы тамсанғанын айтты

Әнші Жанар Айжанова қажылықта кимешек пен шапан киіп, көпшілікті сүйсінткен сәтімен бөлісті. 

Әнші ол жақта арабтардың арасында хит болғанын айтып берді, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.

"Осы қазақтың жадағай шапаны мен кимешегін киіп алып, арабтарды таң қалдырдым десем сенсіздер ме? Таң қалғаны былай тұрсын, сізбен суретке түсейік деп едік, не деген әдемі киім деп сол жақта хит болдым. Мойнын бұрып, қарамаған адам қалмаған шығар. Айтайын дегенім, қазақ қашан да киімді талғаммен, исламға де қайшы келмейтіндей қылып киген. Өзіміз ғой қадірін кетіріп жүрген. Қолымдағы күміс білезік, сақианлар да назардан тыс қалған жоқ. Бабабларымыз қандай дана болған десейші. Бұл былтырғы суреттер, қазір үйдемін", деп әнші әлеуметтік желіге қажылыққа барған былтырғы суреттерін жүктеді. 

"Қабыл болсын!", "Ниет қабыл болсын, қазақтың ұлттық киімін дәстүрін насихаттағаның үшін рахмет ,көп жаса", "Жарайсызғ Жанар апай! Қазақтың керемет киім үлгісін көрсетіпсіз", деп оқырмандар тәнті болды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін