Арай ауылы аялдама үшін айқайға басты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арай ауылы аялдама үшін айқайға басты

Арай ауылы аялдама үшін айқайға басты

Бүгін Маңғыстау облысына қарасты Арай ауылының жұрты да жергілікті әкімдікке наразылығын білдірді. Бұған осыдан 2 апта бұрын екі оқушыны автобус қағып, бірін қаза етуі себеп. Тұрғындардың айтуынша, қоғамдық көліктің қолайлы тұрағы жоқ болғандықтан осындай қайғылы жағдай болған. Өйткені ауыл халқы әкімдіктен талай мәрте оқушылар тасымалдайтын автобусқа қауіпсіз жердің қарастырылуын талап еткен екен.

  • 19 Наурыз 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

Бұл – Ақтау іргесіндегі Арай атты кішігірім ауылдың бірі. Елді-мекен деген статусы болмаса, жеке ештеңесі жоқ. Тіпті мектепке дейін облыс орталығында. Бірақ сол орталыққа балаларын білім алуға жіберуге жұрт қазір сескенеді. Себебі арнайы аялдаманың жоқтығынан оқушылар автобусына жиі апат қауіпі төнуде. Тіпті өлімнің де тіркеліп жатқан жайы бар.

Роза Рақышова, Арай ауылының тұрғыны:

-Ата ана болып біз Елубаева арыз жаздық. Көшенің жолдарын жөндеп береміз деді, «аялдама жасаймыз» деп уәде берді. Міне, мынаусы да жоқ. Біздің келешегіміз бала дейміз ғой.

Балғындар үшін жеке автобус бергенін көпсінсе керек, әкімдік жұрттың тілегіне құлақ асар емес. Мектептікі бар, басқасы бар, барлығына ортақ бір аялдама ғана қойған.

Ал осыдан бірер апта бұрын сол аялдаманың жоқтығынан екі оқушыны автобус қағып кеткен. Баланың бірі сол жерде тіл тарпай кетсе, екіншісі әлі ауруханада. Тұрғындар егер әкімдік дер кезінде талаптарына құлақ асқандай мұндай қағылы жағдай болмас еді деп ашулы. Бірақ елер басшы жоқ.     

Жұрт қанша жерде шу көтерсе де әкім мәселенің шешіле қоярына күмән келтірді. Айтуынша, оған мүмкіндік жоқ. 


Махмуд Қолжанов, Арай ауылының әкімі:

-Біз қиындықтың барын білеміз. Бірақ бұл біздің жер емес. Аялдама да біздікі емес. Қалаға қарайды. Сондықтан қай жерде аялдама жасай аламыз, сол жерге жасадық.

Жұрттан сескенді ме, қалалық әкімдіктің оқушылар аялдамасы үшін жер бөлетіні белгілі болды. Ал оған дейін ортақ аялдамадан бір метр алшақтықпен мектеп автобусы тұрақтай тұрмақ. Тек көптің көңілінде, бұл да жай көзбояушылық болма ма деген күдік басым.