"Аралды тірілту операциясы": Арал теңізіне 1,1 миллиард текше метр су келді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аралды тірілту операциясы": Арал теңізіне 1,1 миллиард текше метр су келді

"Аралды тірілту операциясы": Арал теңізіне 1,1 миллиард текше метр су келді

Айдаладағы Илон Маск пен Стив Джобстарға тамсанғанша өзімізден шыққан осындай жігіттерді қолдауымыз керек.

  • 25 Маусым
  • 27
Фото: caravan.kz

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз хатшысы өзінің фейсбуктағы парақшасында сүйіншілеп жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Климаттық тәуекелдер және интеграцияланған климаттық шешімдер бойынша халықаралық сарапшы Алтай Айнабек Арал теңізінің үстіне су төгу үшін үлкен қаржы керек екенін жазған.

«Соңғы апта Орталық Азияда жүздеген мың адамның назарында тарихи жағдай болды. Әлемде еш бір елінде жоқ климаттық технология арқылы бір аптада 50 млрд тоннадай су Арал бассейніне кіретін жерлерге құйып жатыр. Бұл шамамен бұрынғы Арал теңізінің жиырмадан бірі.

Маңғыстаудағы 21/22 жұмысымызды әкімдік тасаттық деп, халық пен бізді алдап шығарып салды. Халықта күмән, бізге рахмет те айтпай лақтырды.

Түркістан облысындағы жұмысымыздан кейін, жұрт кішкене ойланып қалды. Мынау жауын қалай болды деп?

Осы аптада, сіздердің көздеріңізше, өздеріңіз белгілендей, Казгидромет қуаңшылық болады, болжамда жауын жоқ, СМС тен өрт қауіпі дегеніне қарамай, жауын бейпіл болып жатыр. Енді осы тартқан, түзген бұлттарды Арал теңізінің үстіне көп бөлігін төгу үшін үлкен қаржы керек, қосымша жүздеген дрондар керек, аэродромдар, метеоқұрылғылар керек. Ал ондай жобаларды үкіметтік қаржылық қолдауынсыз әзірге жүргізу мүмкін емес», — деді маман.

Сарапшымен телефон арқылы сөйлескен журналист Оңғар Қабден Аралда сегіз күн бойы жаңбыр жауып жатқанын жазды.

«Циклонды жан-жақтан тартып жатыр екен. Негізінен Атлант мұхиты мен Парсы шығанағы келуде. Бүгінгі циклон жақсы келіп еді, сәл Ресейге қарай тартып кетті. Сегіз күн бойы Арал аквариумы жаңбыр астында. Бүгін Атырау жағы жаңбыр» дейді.

Алтайды ешкім қаржыландырып жатқан жоқ. Үкіметтен ақша бөлмеген. Қазіргі нәтижесіне қарап билік ойлана бастаған секілді. Қазір келіссөздер жүріп жатқанға ұқсайды. Өзбекстан жағы да ұсыныс жасап жатыр екен.

«Қазір климатты болып жатқан жағдайға үйретіп жатырмыз. Әлі алда үлкен толқындар болады. Жеміс-жидек пісетін уақытта жарты ай, бір айға тоқтата тұрамын. Дихандарға зияным тимесін. Қондырғым, дрондарым аз болып тұр. Әйтпесе, он екі ай жаңбыр жаудыруға болады» деген Алтекеңе сәттілік тіледім.

Айдаладағы Илон Маск пен Стив Джобстарға тамсанғанша өзімізден шыққан осындай жігіттерді қолдауымыз керек! Мемлекеттік деңгейде!, — деп пікір білдірді журналист.