"Арасында жүкті әйел де бар": Атырау облысында ұстаздарға мектепті ақтатып, сырлатып қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Арасында жүкті әйел де бар": Атырау облысында ұстаздарға мектепті ақтатып, сырлатып қойған

"Арасында жүкті әйел де бар": Атырау облысында ұстаздарға мектепті ақтатып, сырлатып қойған

Атырау облысының Қызылқоға ауданынағы Шүкір Еркінов орта мектебінде мұғалімдер мектепті ақтап, сырлап жүр.

  • 21 Тамыз 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Facebook парақшасына ұстаздардың жұмыс сәтіндегі суреттері мен видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап. 

Ол мектептің қай қызметкері болсын мұндай жұмысқа салынбауы керек деп, мәселе көтерді. Бұл жерде жүкті әйелдердің де барын атап жазған. Ол суреттер мен бейнежазбаларды қайдан алғанын көрсетпепті. 

Ал Атырау облысы Білім басқармасы алғашында бұл жағдайды естімеген сыңай танытқан. 

«Бұл мәселе бойынша облыстық Білім басқармасы тарапынан қызметтік тексеріске мамандар нақтыланып, тағайындалды. Комиссия тексеріске кетті», – дейді Атырау облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова. 

Мұндай жағдай елміздің мектептерінде өкінішке қарай, әлі де бар. Ал мұғалімдер мен мектептің өзге де қызметкерлері өз құқықтарын қорғап қалуы некенсаяқ. 


 

Добрые намерения Президента, Министра образования и науки ничего не значат на местах!!! Поэтому многие не верят…

Posted by Irina Smirnova on Sunday, August 18, 2019

 

Соңғы жаңалықтар