Жарияланды: 450

Әрбір бес жүзінші петропавлдықтың тұрақты мекені жоқ екен

Әрбір бес жүзінші петропавлдықтың тұрақты мекені жоқ екен.  200 мың халқы бар Қызылжарда 500 баспанасыз адам ұсталды. Құбырлардыңмаңы мен жертөлелерді паналайтын олар жаз бойы саяжайшылардың мазасын алып, ұрлық-қарлық жасамас үшін,тәртіп сақшылары қаңғыбастарды тіркеуге алып жатыр.

Олардың саусақ бедерлері алынып, арнайы бейнетіркеуге қойылды;  қылмыстарға қатысы бары анықталмақ. Бұл азаматтар әсіресе жаз айларында саяжайларды тонап, ауыл маңындағы мал мен үй құстарын ұрлайды екен. Араларында кісі өлтірген қылмыскерлер де табылып жатыр. Ұсталғандардың барлығы өз еріктерімен көлікке мініп, полицейлердің жетегінде кете берді. Рейдтің арқасында олар бір күн болса да асханада ас ішіп, таза жерде түнейтіндеріне мәз.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін