“Жел күшейеді”: Бүгін ел бойынша ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жел күшейеді”: Бүгін ел бойынша ауа райы қандай болады

“Жел күшейеді”: Бүгін ел бойынша ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша бүгінге, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды

  • 2 Мамыр
  • 5
Фото - Caravan.kz


Синоптиктердің болжауынша, бүгін республика аумағында желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, соның ықпалынан шығыста жаңбыр жауады. Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 1-3 градус аяз күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстік, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Соңғы жаңалықтар