деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі.
Зәйкен Ағыбаевтың жүз жылдығына арналған салтанатты жиналысқа полицейлер, ардагерлер, және онымен бірге сол сұрапыл жылдары қызметтес болған әріптестері жиналды.
Облыстық полицияның басшысы полиция полковнигі Мұрат Ұрұмханов келген қонақтарды таныстырып, Зәйкен Ағыбаевтың өмір жолына тоқталып, қызмет атқарған жылдары оның бір қатар жетістіктерге ие болып соның ішінде, Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту және Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталғандығын атап өтті. Зәйкен Ағыбаевтың аты солтүстікқазақстандық милицияның қалыптасып, даму тарихындағы орны ерекше. Оның барлық өмірі үлгі аларлықтай өнеге мен батырлыққа толы болған. Өзінің таңдаған мамандығымен Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпаққа өнеге.
ҚР Ішкі істер министірлігінің республикалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары отставкадағы милиция полковнигі Берік Сүлейменов ардагерлер кеңесінің жұмысына тоқталды. Республикалық Кеңес ардагерлерді құрметтеуге, олардға жасалып жатқан жағдай туралы айтты. Берік Сүлейменов өз сөзінде Зәйкен Ағыбаевты еске алу шарасы Маңғыстау жерінде өткенін айтып, марқұмның туған топырағы Ақмола облысы Ерейментау жерінде де атап өтілетінін жиналған қауымға жеткізді.
Салтанатты шарадан соң Зәкен Ағыбаевтың туысқандары мен Ішкі істер департаменті басшылығы оның бейітіне барып гүл шоқтарын қойып құран бағыштады. Осыдан кейін олар облыстық ІІД мұражайын аралады. Бұл мұражайда майдангердің жеке құжаттары, күнделіктері, қызметтік куәлігі сақталған.
Ардагердің туған-туыстары, достары СҚО ІІД полиция полковнигі Мұрат Ұрұмхановқа, оның жеке құрамына және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеевке еске алу шарасын ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.