Areva басшысы Люк Урсель дүние салды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Areva басшысы Люк Урсель дүние салды

Areva басшысы Люк Урсель дүние салды

Францияның Areva ядролық-энергетикалық компаниясының басшысы 55 жастағы Люк Урсель кеше көз жұмды.

  • 4 Желтоқсан 2014
  • 303
Фото - Caravan.kz


Ол қазанның соңында денсаулығына байланысты ұзақ мерзімге демалыс алған болатын. Бұл туралы компания хабарламасында мәлімделген.
Компанияның бас операциялық директоры Филипп Нош қазанның соңынан бері Areva бас директорының міндетін атқарушы болып қызмет атқаруда.
The Wall Street Journal мәліметі бойынша, Areva директорлар кеңесін Peugeot Citroen SA автоконцернінің бұрынғы бас директоры Филипп Варен басқарады деп пайымдауда.
Л.Урсель Areva компаниясында 2007 жылдан бастап жұмыс істейді, ол CEO қызметке 2011 жылы тағайындалған.