Аргентинаны топан су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аргентинаны топан су басты

Аргентинаны топан су басты

Аргентинада толассыз жауған жаңбыр 6 мыңға жуық тұрғынды баспанасыз қалдырды. Әсіресе, Буэнос-Айрес өңірі топан судан қатты зардап шеккен.

  • 5 Қараша 2014
  • 184
Фото - Caravan.kz


Қазір Аргентинада төтенше жағдай жарияланып отыр. Өйткені 3 күннен бері тоқтаусыз жауған жаңбыр елдегі ең үлкен өзендердің бірі — Ла-Платаны  арнасынан асыруға шақ қалған. Оның үстіне бұл аймақта электр желілері үзіліп, тасқын сумен бірге сағатына 70 шақырым жылдамдықпен суық жел келуде. Ресми ақпарға қарағанда, ел астанасы — Буэнос-Айрестан өзге Лухан, Тигре, Килмес, Пилар сынды шағын 19 қаланы түгелімен су шайған. Құтқару қызметі мұндағы тұрғындарды жаппай қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Әзірге шығын көлемі миллиардтаған долларға жетуі мүмкін деген болжам бар. Синоптиктер де жауынды күн әлі де бірер аптаға ұласады дейді.