Археолог Кенесарының басы алынбаған деп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Археолог Кенесарының басы алынбаған деп отыр

Археолог Кенесарының басы алынбаған деп отыр

 

  • 17 Тамыз 2016
  • 1365
Фото - Caravan.kz

Белгілі археолог Руслан Шербаевтың айтуынша, Кенесары ханның басы алынбаған. Ол Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында осылай деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтару туралы мәселе көптен бері қозғалып келеді. Бірақ Кунсткамерадағылар оның Ресейде жоқ екенін айтуда. Соны енді Шербаев та растап отыр.

«Кенесарының басы жоқ. Ол болған да емес. Бұл тек аңыз ғана. Жоңғармен соғысқан қырғыз да, қазақ та, қарақалпақ та ханның басын алмас еді. Ол кезде мұндай нәрсе дәстүрге жат болған… Ол кезде ханның басын жәй адам алмайтын. Дәстүр бойынша, мұны тек хан істей алады… Егер ол (Кенесары – ред.) қырғыз жерінде өлтірілген болса, сол сүйегін сол аумақтан іздеу керек. Мұны Хан тауынан бастаған жөн» дейді археолог.