Жарияланды: 350

Арман Шораев Абзал Құспан мен Әбілдаханқызынан өтемақы ретінде 10 миллион талап етті

Арман Шораев Абзал Құспан мен Әбілдаханқызынан өтемақы ретінде 10 миллион талап етті

Журналист Арман Шораев өзінің әріптесі Сәуле Әбілдаханқызы мен адвокат Абзал Құспанды сотқа беріп, олардан өтемақы ретінде әрқайсысынан 10 миллион теңге талап етті.

Бұл туралы Сәуле Әбілдаханқызы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Арман Шораевтың біздің үстімізден жазған арызы бүгін қолыма тиді. Абзал Құспаннан 10 миллион, менен 10 млн тг өтемақы талап етіпті", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Естеріңізге салсақ, Сәуле Әбілдаханқызы Су ресурстарының комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевтің де үстінен арызданған Арман Шораев екенін парақшасына жазған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін