Арменияның жаңа премьер-министрі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арменияның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Арменияның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Арменияның жаңа премьер-министрі қызметіне Карен Карапетян тағайындалды, ол соңғы жылдары ресейлік «Газпромда» жұмыс істеді, ал 2010-2011 жылдары Ереван мэрі лауазымында болды.

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 258
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі күні Армения президенті Серж Саргсян осы тағайындау жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ТАСС тілшісіне республика басшысының аппаратынан.

«Карен Карапетян Армения Республикасының премьер-министрі қызметіне тағайындалсын», — делінген құжатта.

Карен Вильгельмович Карапетиян 51 жаста, 1980 жылы Ереван мемлекеттік унивекрситетінің қолданбалы математика факультетін үздік бітірген. Экономика ғылымдарының докторы (2010). Армян КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Есептеу орталығында жұмыс жасады, Ереван мемлекеттік университетінде сабақ берді.

1996-98 жылдары «Армэнерго» бірлестігінің бас директорының орынбасары, 1998-2001 жылдары —  бас директоры. 2001 жылы — Армения энергетика министрінің орынбасары. 2001-2010 жылдары — «АрмРосгазпром» бірлескен кәсіпорнының басқарма төрағасы — бас директоры, кейінен  ол толықтай ресейлік «Газпромның» еншілес кәсіпорнына айналды.

2010-2011 жылдары — Ереван қаласының мэрі қызметінде болды. 2011 жылдан Мәскеуде «Газпромның» бірінші вице-президенті болды, ал 2012 жылдан бастап «Газпром-Межрегионгаз» компаниясы бас директорының орынбасары қызметін қоса атқарды, ал өткен жылданг бастап — «Газпром-энергохолдинг» фирмасы бас директорының халықаралық жобалалр жөніндегі орынбасары.


Арменияның мемлекеттік наградаларына ие болған, Франция ұлттық орденінің офицері.

Бұрынғы премьер Овик Абрамян өткен бейсенбі күні өз өтінішімен қызметінен кетті. 

Соңғы жаңалықтар