Армия айбыны асқақтаған күн! Астанада өткен парад жұртты таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армия айбыны асқақтаған күн! Астанада өткен парад жұртты таңғалдырды

Армия айбыны асқақтаған күн! Астанада өткен парад жұртты таңғалдырды

Қазақ армиясы қуатын дәлелдеп, отанды қалай қорғайтынын көрсетті! Ел тарихында бұрын соңды болмаған ең ауқымды парад өтті.

  • 8 Мамыр 2015
  • 562
Фото - Caravan.kz

Биылғы шерудің бұрынғылардан ерекшелігі – оған қатысқан сарбаз бен әскери техниканың екі есе көп болуы. 5 мың жауынгер, 200-ден астам техника, 75 ұшақ пен тікұшақ қатысты. Қарулы Күштер мен Жеңістің 70 жылдығына арналған парадттағы сарбаздардың қауқарын Жоғарғы Бас Қолбасшының өзі келіп бақылады.

Бүгін басқалардан Иманғали Тасмағамбетов көп уайымдап жүрген секілді. Өйткені бұл оның Қорғаныс министрі ретінде алғашқы шеру өткізуі.  Ал парадтты шетелдік елшіліктердің әскери атташелері қара көзілдіріктің астынан қырағы бақылап отыр. Алдымен алаңға көк байрақ пен Рақымжан Қошқарбаевтың Рейстагқа тіккен Жеңіс туының көшірмесі әкелінді. Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы болса, көп кідірген жоқ. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке шеруді бастау туралы бұйрық берген соң Нұрсұлтан Назарбаев Кабриолетке мініп салтанатты сапты аралап шықты.

Президент сапты айналып шыққан соң  ел қорғандарына дем беріп, шабытын оятты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мәңгілік елімізде мызғымас бейбітшілік болсын.Байрағымыз биікте желбіреп,абыройымыз асқақ болсын. Айбынды армиямыз жасасын. Қазақстан жасасын.Ура!

Жоғарғы Бас Қолбасшының жалынды сөздерінен соң тарихи және заманауи деп 2-ге бөлінген парад басталып кетті. Алдымен Жеңістің 70 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы рота сапты бастап шықты. Бұл үшін 300-ден астам сарбаз Қызыл әскердің киімін киіпті.

-Соғыс жылдарындағы жауынгерлеріміздің айнымас  серігі  болған жауға қарша оқ жаудырған «Максим» пулеметін көріп отырсыздар.

Кейін бұлардың ізін Қорғаныс, Ішкі Істер, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Шекара мен Күзет қызметтерінің сарбаздары жалғастырды. Жарасымды форма, әрі барлығы да соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтылған. Әсіресе, көптің назары қыздардан жасақталған ротаға ерекше ауды. Әлия мен Мәншүктей батырлардың жалғасы болғандар ерлерден еш кем болған жоқ.


Бар қауқарын паш еткен жауынгерлердің  жаяу жүрісінен соң алаңға гүрілдеп ауыр техникалар келді. Соғысы кезіндегі ең танымал техника түрлерінен бастап, отандық зауыттарда құрастырылған жол талғамайтын көліктердің сан түрі көрсетілді. Ал көрермендердің қызығушылығын туғызған авиация шоуы. Бұл күні Астана аспанында 75-тен астам ұшақ пен тікұшақ еркін қалықтады. 

Бұл үшін 185 тәжірбиелі ұшқыш іріктеліп алынған екен. Небір жойғыш ұшақтар бар мүмкіндігін көрсетуге тырысты. Солардың арасында  жақында Ресейден сатып алынған Су-30 да бар. Ал әуе шоуының соңында ұшқыштар Жеңістің 70 жылдығын аспанда отшашумен әдемі бейнеледі.

Қорғаныстың қауқарына Жоғарғы Бас қолбасшының көңілі толды. Ал соңғы бірнше күн бойы жабық болған алаң парад біткен бойда ашылып, қозғалыс қайта жанданды.

-Мыңдаған сарбаз жүздеген техника «Қазақ елі» алаңын босатып берген соң мұндағы қарбалас қайта басталып кетті.3 ай бойы Астана шетіндегі дала лагерінде дамыл таппай дайындалған сарбаздардың да иығынан үлкен жүк түскендей.1 жарым сағатқа созылған шеру аяқталған соң жауынгерлер, әскери техникалар өз бөлімдеріне орала бастайды.