Бүгін Тбилисидегі жағдай күрт шиеленісіп кетті. Таңертең полицейлер күш қолданып, парламент алдындағы алаңды аштық жариялағандардың шағын тобынан босатпақ болған, осыдан кейін оппозицияны қолдайтын адамдардың саны күрт өсе бастаған.
12 сағаттар шамасында арнайы отрядтар мен полиция адамдарды қууға кіріскен. Көзден жас ағызатын газ, су шашқыштар мен резеңке таяқтар қолданған. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, газдан да, резеңке таяқтан да жарақаттанғандар мен зардап шеккендердің саны өте көп. Әйелдер мен оппозиция жетекшілері соққыға жығылып, газдан қарапайым халық пен журналистер де зардап шеккен. Көзден жас ағызатын газ бен полициядан қорыққан адамдар парламент ғимаратына лап қойған. Естеріңізге сала кетейік, 2-қарашада Тбилиси мен елдің басқа да аудандарының мыңдаған тұрғындары Руставели даңғылының бойындағы ел парламентінің алдында наразылық шарасын жүргізген болатын.
Бірінші күні наразылық шарасына 100 мыңнан астам адам қатысқан болатын, бірақ демалыс күндері олардың саны қысқарған. Ал, дүйсенбі күні жағдай қайта шиеленісіп, парламент алдына бірнеше ондаған мың адам жиналған болатын. Тбилисидегі кең ауқымды наразылық шарасының ұйымдастырушысы бірлескен оппозиция болып табылады, олар алғашқыда мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді талап еткен болатын. Грузияның президенті Михаил Саакашвали пәтуаға келуді жоспарламайтындығы туралы мәлім еткеннен кейін, наразылық танытушылар президенттің отставкаға кетуін талап еткен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті