Арнайы жасақ Тбилисидегі митингіні кеше бірнеше мәрте қуып таратты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арнайы жасақ Тбилисидегі митингіні кеше бірнеше мәрте  қуып таратты

Арнайы жасақ Тбилисидегі митингіні кеше бірнеше мәрте қуып таратты

Тбилиси. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Арнаулы тапсырмадағы жасақ отряды Тбилисидегі бейбіт түрдегі қарсылық митингісін көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ және су шашқыштармен бірнеше мәрте қуып таратты. Метро жұмысы толығымен тоқтаған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қараша 2007
  • 511
Фото - Caravan.kz

Бір күннің ішінде екінші рет Грузияның арнайы қызмет өкілдері мыңдаған адам қатысып жатқан қарсылық митингісін қуып таратқан. Адамдар Грузия оппозициясының жақтастары тағы да жиналған Тбилисидің орталығындағы Рике алаңынан жанұшыра қашқан. Адамдардың бір бөлігі жақын маңдағы көшелерде және сол маңайдағы шіркеу мен Тбилиси нышандарының бірі — Вахтанг Горгасалдың ескерткішінің маңындағы аймақта бой тасаламақ болған.

Тбилисидің орталығында әскери бөлімдер пайда болды. Арнайы жасақ пен халық арасында қақтығыстар орын алды. Тбилиси көшелерінде атыстар естілген. Адамдар полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысқан. Жаппай қақтығыстар орын алып отыр. Құқық қорғау органдары «Имеди» атты оппозициялық телеарнаның тілшісін соққыға жықты.

Естеріңізге сала кетейік, Грузияның құқық қорғау органдары сәрсенбі күні Тбилисидің орталығында болған кең көлемдегі оппозициялық шеруді тарату үшін қатаң шараларға барған.

Сонымен бірге, Грузияның билік өкілдері арнаулы жасақ бөлімшелерінің шерушілерді тарату кезіндегі іс-әрекеттері заңды және демократиялық, ал жағдайдың ушығуына келер болсақ, бұған тек оппозиция кінәлі деген мәлімдеме жасап отыр. Сондай-ақ, биліктің айтуынша, оппозицияның іс-әрекеттерінің артында Ресей мемлекеті тұр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті