Жарияланды: 130

Арон Атабек қайтыс болды

Арон Атабек қайтыс болды

Белгілі қоғам белсендісі Арон Атабек қайтыс болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қоғам белсендісінің қайтыс болғанын белгілі құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожин растады.

Ол Facebook желісіндегі парақшасына "Қош бол", - деп жазба қалдырды. 

Осы жылдың 20 қазанында Арон Атабектің реанимацияға түскені, ал 21 қазан күні коронавирусқа шалдыққаны белгілі болған еді.

Белгілі қоғам белсендісі 69 жасқа қараған шақында өмірден өтті.

Еске салсақ, ақын Арон Атабек 15 жыл жазасын өтеп, биыл  ғана түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан болатын. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін