Арон Атабектің неден көз жұмғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арон Атабектің неден көз жұмғаны белгілі болды

Арон Атабектің неден көз жұмғаны белгілі болды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы саяси тұтқын Арон Атабектің коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді.

  • 25 Қараша 2021
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейіін Арон Атабектің асистолия түрі бойынша қан айналымының тоқтауынан көз жұмғаны айтылған. 

“Ағымдағы жылдың 5 қазанында дәрігерлік бригаданың тексеруінен және КТ растауынан кейін А. Едыгеевке "Аса ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекция" диагнозы қойылды. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Содан кейін жекеменшік емдеу мекемесінде ем алған. Оның №17 қалалық емхананың мобильді бригадасының білікті медициналық көмегінен бас тартқаны туралы құжаттық негіздеме бар. 

Бұдан соң А. Едігеев ағымдағы жылдың 14 қазан күні  "МККО" ЖШС жансақтау бөліміне "Өте ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы" диагнозымен ауыр халде түсті. "МККО" ЖШС клиникасына түскен сәттен бастап А.Едігеев қаланың Қоғамдық денсаулық басқармасы емдеу бригадасымен тұрақты байланыста болды, қажетті консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді”, – деді басқармадан. 

Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесінде Алматының іргесіндегі тұрғындар заңсыз басып алынған жерлерде салынған үйлерді бұзуға жіберілген полицияға қарсылық көрсеткен "Шаңырақ оқиғасынан" кейін сотталған.


Қақтығыс кезінде 24 жастағы полицей қаза тапты. Полицейді наразылық білдірушілер бағанаға байлап, өртеп жіберген. Билік оның өліміне бірнеше жергілікті тұрғын мен сол күні Шаңырақта болған Арон Атабекті айыптады.

Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. Құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабектің жазасы жеңілдетілгені айтылған еді. Ол түрмеден босатылып қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. 

Қоғам қайраткерінің отбасы оны ақтап шығу үшін және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген. Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет екен. 

Соңғы жаңалықтар