Арқалық қаласының соты 7 жасар қызға анасы алған 500 мың теңге көлеміндегі несиені банкке төлеуге міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арқалық қаласының соты 7 жасар қызға анасы алған 500 мың теңге көлеміндегі несиені банкке төлеуге міндеттеді

Арқалық қаласының соты 7 жасар қызға анасы алған 500 мың теңге көлеміндегі несиені банкке төлеуге міндеттеді

Қостанай. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының Арқалық қаласының соты 7 жасар қызға анасы алған 500 мың теңге көлеміндегі несиені банкке төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Мамыр 2008
  • 545
Фото - Caravan.kz

«Қыздың анасы Халық банкінен жарты миллион теңге несие алған. Бірнеше айдың көлемінде қарызын жақсы жауып тұрған. Алайда кенеттен қайтыс болған. Банк 7 жастағы қызына мұрагерлік жолымен анасы алған қарызды төлеу талабымен Арқалық қалалық сотына шағымданған», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Арқалық қалалық сотының шешімімен қыз осы соманы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін төлеуі тиіс», — деп атап көрсетті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті