Жарияланды: 150

Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Сотталған әйел жазасын аса қауіпті қылмыскерлермен бір түрмеде өтейді

 Кісі өлтіргені үшін сотталған 26 жастағы қазақстандық Арқалық қаласындағы аса қауіпті қылмыскерлерге арналған УК-161/12 түзету мекемесіне түскен алғашқы әйел атанды, деп жазды sputniknews.kz

Қостанай облысы Арқалық қаласындағы УК-161/12 түзету мекемесінде Қазақстанның Қылмыстық кодексі бойынша тонаушылық, кісі ұрлау, зорлау және басқа да ауыр қылмыс жасаған аса қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейді, деп хабарлайды Tobolinfo.kz.

Халық арасында "қасапшылар түрмесі" деп аталатын бұл колонияда отырғандардың көпшілігі кісі өлтірген. 30 жылдық тарихы бар түрмеде осы уақытқа дейін тек ер азаматтар ғана жазасын өтеді. Алайда жуырда түзету мекемесіне алғаш рет әйел адам түсті.

"Бұрын УК-161/12 түзету мекемесінде ешқашан әйелдер жазасын өтеген емес", - деп хабарлады Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, кісі өлтіргені үшін сотталған 26 жастағы әйел бұрын Алматы облысындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде отырған. Қатаң тәртіпті түрмеге түсуіне әйел адамның үнемі тәртіп бұзуы себеп болыпты.

Сотталған әйелдің жазасын өтеп шығуға әлі қанша уақыт қалғанын қылмыстық-атқару жүйесі департаменті айтқан жоқ.

УК-161/12 түзету мекемесі Арқалықта 1988 жылы аса қауіпті қылмыскерлерге арналып салынды. Мұнда отырғандардың жаза мерзімі 20 жылдан асады. Жазасын өтеушілер, негізінен, кісі өлтіру, зорлау, бірнеше рет кісі өлтіруге қатысу сияқты ауыр қылмыстар үшін түрмеге түскен.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін