"Арселор Миттал Теміртау" өкілдері шахтадағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үш кеншінің жағдайын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Арселор Миттал Теміртау" өкілдері шахтадағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үш кеншінің жағдайын айтып берді

"Арселор Миттал Теміртау" өкілдері шахтадағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үш кеншінің жағдайын айтып берді

Арселор Миттал Теміртау" АҚ өкілдері "Казахстанская" шахтасында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен үш кеншінің жағдайы жайлы айтып берді.

  • 1 Қыркүйек 2017
  • 289
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай болған күні 31 тамызда сағат 13.00-де үш кенші медициналық көмекке жүгінген болатын, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші тексеріс қорытындысы үш ер адамның күйзеліс халде екенін көрсетіп отыр. Кейінірек олар облыстық медициналық орталыққа жіберілді, барлық қажетті сараптамалар алынды. Медициналық орталықтың дәрігерлері Владимир Калядканың (1991 жылғы) жағдайы қанағаттанарлық екеніп айтып, сол күні-ақ кешкі уақытта үйіне жіберді. Александр Иванов (1960 жылғы) пен Аят Тұрсыбеков (1974 жылғы) токсикологиялық бөлімде дәрігерлердің бақылауында жатыр", -делінген хабарламада. "Александр Иванов пен Аят Тұрсыбеков есін жиды, өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", — деді "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің медициналық сұрақтар жөніндегі директоры Илья Вальштейн.

Сондай-ақ, кеше Қарағанды облысының әкімі "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың отбасына барып қайтқан болатын.


 

Соңғы жаңалықтар