Бұл туралы жұма күні Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қайта жаңғыртылғаннан кейін пештің өнімділігі 13 пайыз артып, болашақта тәулігіне 5 мың тонна шойын өндірмек. Бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың Теміртау қаласына жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Жалпы құны 173 млн теңгелік жобаны биылғы қазан айында іске қосу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, меткомбинатта №2 конвертерлік цехтағы газ-тазарту жүйесін қайта қалпына келтіру жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның жалпы құны 130 млн доллар.
Жоба бойынша, тозығы жеткен қазандықтар мен газ тазарту жүйелерін автоматтандырылған қондырғыларға ауыстырып, конвертерлік пештен шығатын қалдықтарды сүзіп, тазарту жүйесін орнату көзделіп отыр, делінген хабарламада.
Облыс әкімінің айтуынша, аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін комбинаттың өнімділік деңгейі артып, жылына 6 млн тоннаға жуық өнім өндірмек.
Сонымен қатар, Н.Әбдібеков 2008 жылы іске қосылған сұрыптап-жаймалау цехының, №2 домна пеші мен №1 конвертерлік цехтың және №3 үздіксіз құю машинасының жұмысымен танысты.