Жарияланды: 340

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясында жылдың басынан бері орташа жалақы 15 пайызға өсті

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясында жылдың басынан бері орташа жалақы 15 пайызға өсті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Ағымдағы жылдың 9 айында аталмыш кәсіпорында («АрселорМиттал Теміртау» АҚ) орташа жалақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға өсті. 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айында болат департаментінде орташа жалақы 15 пайызға өсіп, 131444 теңгені құрады, көмір департаментінде орташа жалақы 15,4 пайызға жоғарылап, 155427 теңгеге жетті», - делінген баспасөз хабарламада. Осы жылдың шілде айында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында жұмыс істейтін қызметкерлердің тарифтік мөлшерлемесі мен жалақысы 7,4 пайыздық индексацияны қоса алғанда 10,4 пайызға өсті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Компанияның берген мәліметтеріне қарағанда, болат департаментінде 16097 адам, көмір департаментінде 16210 адам жұмыс істейді. «Статистика агенттігінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, 2012 жылдың тамызында ҚР-да орташа жалақы 104 546 теңгені, Қарағанды облысында 95 822 теңгені құрады, ең төменгі жалақы 17 439 теңге сомасында», - делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін