«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандық көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандық көз жұмды

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандық көз жұмды

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 50 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болды. Ақпаратты ҚР СІМ растады. 

  • 31 Наурыз 2023
  • 39
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық Бахтиер Инятов әйелімен бірге Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Олар Кореяға 2015 жылы жұмыс істеуге келген. Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмды білетін адамдардың айтуынша, ол ақылды әрі еңбекқор болған. Ер адамның неден көз жұмғаны белгісіз. Алайда әйелі оның кофені көп ішіп, жиі темекі шеккенін айтады. Ер адам денсаулығына шағымданбаған.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қайтыс болған адамның Қазақстан азаматы екенін растады. Қазір марқұмды Отанына жеткізу үшін құжаттары рәсімделіп жатыр. Инятовтың туыстарымен елші байланыста. Ер адамның артында 3 баласы қалды.


Соңғы жаңалықтар