Жарияланды: 8500

"Артында бес баласы жетім қалды": Өз өзіне қол салған тәрбиеші туралы тың мәлімет шықты

"Артында бес баласы жетім қалды": Өз өзіне қол салған тәрбиеші туралы тың мәлімет шықты

Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаларға қатігездік танытып, кейін өзіне қол салған тәрбиеші туралы тың деректер белгілі болды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Көршілерінің айтуынша әйел пәтерінде асылып қалған.

Кішкентай бүлдіршіндерді оқтаумен ұрып, шашынан сүйреп, құлақтарын тартқылап, тіпті бірінің ернін жыртқан тәрбиеші Алматыдағы Көкжиек тұрғын үй кешенінде тұрған. Көршілерінің айтуынша үлгілі, артық мінезі жоқ, жақсы отбасы болған. 5 баланың анасы. Үлкен қызы тұрмысқа шығып, одан жиен немерелері бар. Ең кішісі шамамен 3 жаста.

11 жылдан бері осы тұрғын үйде тұратын көршілерінің бірі Мархаббат Мақтабайқызы олардың мұнда көшіп келгеніне көп болмағанын айтады.

27-ші пәтерде тұрды. Ешқандай ұрыс-керіс болғанын көрген емеспіз. 45 жас шамасындағы келіншек. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін. Жақсы отбасы еді, — дейді көршісі Мархабат.

3-4 жыл бұрын Есік қаласынан көшіп келді. Жаман адам болса 5 бала таба ма. Күйеуі құқық қорғау органында істеген. Қазір зейнетте. Өте қиын жағдай. Жаңа күйеуім хабарласып, асылып қалыпты деді. Өзім шок болып тұрмын,— дейді тағы бір көршісі.

Еске салайық, бұған дейін тәрбиешінің қатігез әрекеті әлеуметтік желіге тарап, жұрттың ашуын туғызған. Кейін полиция аталған жайтқа байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп, балалабақша қызметкері Ләззәт Қадірқызын 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігін айтқан еді. Артынша балабақша тәрбиешісі суицид жасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін