Артық ақша алғысы келген дәрігерлер «Дамумед-ке» 13 500 жалған науқас тіркеген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Артық ақша алғысы келген дәрігерлер «Дамумед-ке» 13 500 жалған науқас тіркеген

Артық ақша алғысы келген дәрігерлер «Дамумед-ке» 13 500 жалған науқас тіркеген

Damumed қосымшасы айналасындағы дау әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, жүйеге жалған науқастардың көптеп тіркелуі, дәрігердің қабылдауында болмаған адамдардың жүйедегі деректерге сай, дәрігер қабылдауында болды деп көрсетілуі қоғамда резонанс тудырды.

  • 6 Тамыз 2020
  • 56
Фото - Caravan.kz


Осы тақырып төңірегінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында деректермен бөлісті.

 «Осы 2020 жылдың 6 айында 13500 мың факт анықталды.Әлеуметтік желіде көтерген мәселенің арқасында ғана емес, ДСМ және медициналық сақтандыру қорының арнайы мониторинг жасайтын жүйесі бар.  Өтірік науқастар қайдан шығады? Дәрігерлер қордан артық ақша алғысы келеді. Содан әңгіме шығып отыр. Біз оның бәрін анықтап, оның жол бермеуіне неше түрлі іс-қимылдарды істеп жатырмыз. Емхананың мамандары жалған ақпарат жіберетін болса, соның бағасынан үш есе артық айыппұл төлеу керек жаңағы емхана. Жалпы 13500 факт болған, 75 млн теңге айыппұл төленді!» — деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Соңғы жаңалықтар