Артық салмақ омырау қатерлі ісігіне әкеліп соғады — ғалымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Артық салмақ омырау қатерлі ісігіне әкеліп соғады — ғалымдар

Артық салмақ омырау қатерлі ісігіне әкеліп соғады — ғалымдар

Дәрігер мамандардың айтуынша, артық салмақ жинап алған әйелдер арық құрдастарына қарағанда көбірек омырау қатерлі ісігіне шалдығады.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 281
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мұндай мәлімдеме науқастарды ғана емес, дәрігерлерді де таңғалдыратыны сөзсіз. Себебі, бүгінгі таңда көптеген ауруға шалдығу қаупі адамның дене салмағына қарай анықталып жатыр. Осының арқасында әйел адамдар дене сымбатын жақсы формада сақтау туралы ойланады деген пікірдеміз», — дейді Корнелл университетінің маманы Эндрю Данненберг.

Соңғы уақытта артық салмақтың адам қаңқасының дұрыс жетілуіне кедергі жасап, қант диабеті сияқты ауруға шалдықтырып, басқа мүшелерді де зақымдайтыны белгілі болды. Мысалы, жуырда АҚШ ғалымдары артық салмақтың омырау қатерлі ісігіне шалдықтыратынын, миды қартайтып, оның жұмысын бұзатынын анықтады.

Данненберг пен оның әріптестері 16 жыл бойы (Бальзак жасындағы) 3,5 мың әйелді бақылаған. Осы уақыт ішінде бақыланған әйелдердің екі жүзі омырау қатерлі ісігіне шалдыққаны белгілі болды. Ал осы омырау қатерлі ісігінің қалай дамитыны тікелей дене салмағындағы май мөлшерімен байланысты. Мысалы, денедегі 5 кг май омырау қатерлі ісігінің пайда болу қаупін 35% жоғарылатады.


Соңғы жаңалықтар