"Әруақпен ойнап, тырқылдап күліп тұр": Бауыржан Момышұлын мазақ қылған Қабатовтың әйелінің масқарасы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әруақпен ойнап, тырқылдап күліп тұр": Бауыржан Момышұлын мазақ қылған Қабатовтың әйелінің масқарасы шықты

"Әруақпен ойнап, тырқылдап күліп тұр": Бауыржан Момышұлын мазақ қылған Қабатовтың әйелінің масқарасы шықты

Отандық бағдарламалардың бірінде бой көрсеткен Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова Зейнеп Ахметованың қатаң сынының астында қалды.

  • 25 Маусым
  • 296
Фото - Caravan.kz

Батырдың келіні бағдарлама мен оған қатысушыларды әруақты мазақ қылғанын ашық айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Зейнеп Ахметова батырдың бассыз денесін әжуалаған бағдарламаны сотқа бермек.

Жазушы Зейнеп Ахметова “Ел арна” телеарнасындағы “Қыздар мен жігіттер” бағдарламасын және Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанды атасы Бауыржан Момышұлын ойынға айналдырғаны үшін сынға алып, наразылығын білдірді.

Зейнеп Ахметова сөз басында телеарнада көрген үзінді жүрегіне қатты батқанын жеткізді.

«Тәуелсіздік, еркіндік, сөз бостандығы деп кейбіреулер аузына келгенін айтып, ойына келгенін сөйлеп, бейбастыққа барып жүр. Адамның жаны түршігетін, жан-дүниеңді құлазытатын хабарды жанашыр кісілердің бірі жіберіп отыр. Қазақстанға белгілі Атамыздың тікесінен тік тұрған суретінің басын ойып, бір әйел адам сол жерге басын сұғып тұр. Оған айналасындағылар тырқылдап күліп, мәз болып отыр. Бұл не деген бассыздық, не деген тексіздік?! Әруақпен ойнап, Атаның әруағын таптап, басын жұлып алуға кім оларға мұндай құқық беріп отыр?

Арасында бір депутат бар. Ол не үшін ыржыңдап тұр? Халықтың көзі, құлағы, тілі болады деп сенген халық қалаулысының сиқы сол болса, жетіскен екенбіз. “Әй, тәйт” деуге оның шамасы келген жоқ. Анау ыржақайлармен бірге ыржалаңдап тұрды. Ет сасыса, тұз салады, тұз сасыса, не салады демекші, депутаттың сиқы осы болса, одан не үміт, не қайыр?», – деп ашуын білдірді.

Айта кетейік, бағдарламада командалардың бірінде Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қатысты.