Арулар байқауына қатысқан алматылық моделдің жігіт екенін ешкім байқамаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арулар байқауына қатысқан алматылық моделдің жігіт екенін ешкім байқамаған

Арулар байқауына қатысқан алматылық моделдің жігіт екенін ешкім байқамаған

Модель жігіт мұндай эксперимент жасауға не итермелегенін айтып берді.

  • 5 Ақпан 2018
  • 130
Фото - Caravan.kz

Алматылық жігіт Miss Virtual Kazakhstan арулар сұлулық байқауының финалына дейін жеткен, деп хабарлайды sputniknews.kz.

22 жастағы Илай Дягилев конкурсқа қатысу үшін шымкенттік ару Арина Әлиеваның бейнесінде фотосуреттерін жолдайды. Жас жігіттің фотосы қазақстандықтардың көбісіне ұнап, сайыстың финалына дейін жеткен.

"Достарыммен сұлулық тақырыбында дауласып қалдым. Содан осы байқауға қатысайын деп шешім қабылдадым. Мен табиғи сұлулықты қолдаймын. Қазір, өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық қыз бірдей боянып, киінеді және олар заман ағымынан қалмасам, әдемі көрінемін деп ойлайды. Мен олай есептемеймін", — деп пікір бөлісті Илай.

Алматылық жігіт бет-аузын бояп, әлем-жәлем болып киінетін қыздарды емес, табиғи сұлулықты насихаттау қажет екенін атап өтті.


"Мен финалға дейін жетіп, жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінгенде Арина Әлиеваның кім екенін айтайын деп шештім. Қазақстаннан 4 мыңға жуық өтінім түсті, соның ішінде мен финалға өттім", — деді Дягилев.

Айта кетейік, осы жағдайдан кейін Miss Virtual Kazakhstan-2018 ұйымдастыру комитетінің шешімімен оңтүстікқазақстандық Арина Әлиева жалған мәлімет бергені үшін сайыстан шығарылып, орнына басқа ару қатыстырылған.

Илай Дягилев Алматыда модель болып жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар